Жайық – достық өзенi
Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi және Орынбор облысы әкiмшiлiгiнiң ұйымдастыруымен Жайық өзенi бойымен бiрiккен он екi халықаралық тарихи-мәдени, экологиялық (қайықпен) экспедициялар ұйымдастырылып өткiзiлдi. Бұл экспедициялардың қызметi – бiздiң аймақ үшiн аса маңызды мәселе өзен бассейнiнiң экожүйесiн, оның бай тарихи-мөдени мұрасын сақтау, салауатты өмiр салтын насихаттау болып табылады.
Экспедиция құрамына мамандар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, эколог ғалымдар, өлкетанушылар, археологтар, тарихшылар, ҚР және РФ билiктерiнiң өкiлдерi, журналистер, студенттер және оқушылар кiредi.
Экспедицияға қатысушылардың ұсынысы бойынша ғалыми-тәжiрибелiк конференциялар өткiзiлдi, бiрегей және трансшекаралық Жайық өзенiнiң кешендi мәселесiн шешу қажеттiлiгi туралы ҚР және РФ Парламентi мен Үкiметiне ұсыныстар жасалды.
Экспедицияның он екi жылдық тарихы және оның көптеген iзбасарлары бар, экспедицияға 10 жыл бойы «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетiп келедi. Укiмет пен қоғамның назарын Жайық өзенiне, оның бай тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қорғау мәселелерiне аудару – экспедицияның басты мақсаты болды және бола бередi. Өзен халықтық-шаруашылық маңызы бар iрi табиғи аймақ болып табылады. Ластануды тежеу үшiн, өзеннiң экологиялық мәселесiн шешу, су ресурстарын тиiмдi пайдалану ушiн екi мемлекеттiң бiрiккен және келiсiлген әрекетi қажет. Осы жылдар бойы бiздiң көршiлерiмiзбен Жайық өзенiнiң экожүйесiн қайта қалпына келтiрiп, сақтау бойынша жұмыстанатын бiр мемлекетаралық орган құру бойынша келiссөздер жүргiзiлдi. Соңғы онжылдықта бiрiккен қазақстандық-ресейлiк Жайық өзенiнiң бойымен жасалған тарихи-мәдени, экологиялық экспедиция – жарқын мысалдардың бiрi. Осының арқасында шекаралас облыс басшыларымен, сондай-ақ ҚР және РФ үкiметтерiмен белгiлi бiр келiсiмдерге қол желткiзiлдi.