08 Января 2010 14:06

Туризм – 2009. Корытындылау

2010 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің, туризм және спорт салаларындағы жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы болып өтті.

Министр Темірхан Досмұхамбетов Мемлекет Басшысының «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты Жолдауын іске асыру және орындау жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары, Жол картасы шеңберінде министрліктің 2009 жылғы қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндама жасады. Өткен жылы туризм және спорт салаларындағы мемлекеттік саясаттың басымдықты бағыттарын іске асыруға, атап айтқанда екі салада бәсекеге қабілеттілікті арттыру, бұқаралық спортты дамыту үшін спорт инфрақұрылымын қалыптастыру, салалардың нормативтік құқықтық базаларын одан әрі дамыту, елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыруға ерекше көңіл аударылды.
Министр Досмұхамбетов «Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған Дағдарысқа қарсы бағдарлама мен Жол картасы елдің барлық өңірлерінде халықтың спортпен шұғылдануына кең мүмкіндіктер туғызды және спорт объектілеріне халықтың еркін қол жеткізуіне мүмкіндік берді» деп атап өтті.
2009 жылдың басты оқиғасы Астана қаласында қазан айының 2-сі мен 9-ы аралығында 146 елдің делегациясының қатысуымен өткен Дүниежүзілік Туристік  Ұйымның Бас Ассамблеясы болып табылады.
Аталған Форум еліміздің туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға және құрлықтар мен елдер арасын байланыстырушы маңызды буын ретінде оның халықаралық аренадағы танымалдығын арттыра түсуге ықпал етті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан ги Мун мырза Қазақстан Республикасының Пре­зи­ден­тіне алғыс хат жібере отырып, Бас Ассамблеяның ұйымдастырылуы мен өт­кі­зі­луіне жоғары баға берді.
Министр сондай-ақ,  «қаржы дағ­да­рысына қарамастан, сырттан келуші туристік ағынның көлемі 0,3 %-ға кө­бей­ге­нін, ал орналастыру объектілерінің саны 114 бірлікке артып, 1252 қонақ үй кә­сі­пор­нын құрағанын» атап өтті.
Министр Досмұхамбетов Премьер-Министр К.Қ. Мәсімовке әлем чемпиондарына көрсеткен қолдауы үшін, Алматы облысының әкіміне өңірде жоғары жетістіктер спортын дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін алғыс білдірді.
2009 жылы қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттарында 93 медальді иеленген, оның 6-уы олимпиадалық спорт түрлері бойынша – алтын, 16-сы олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша – алтын, бұл көрсеткіш – ел тәу­ел­сіз­ді­гінің он сегіз жылдық та­ри­хын­да­ғы рекордты көрсеткіш.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 жылға арналған негізгі міндеттері анықталды. 
Дене шынықтыру және спорт саласында: 
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру;
2010 жылғы 12-28 ақпан аралығында Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Азия ойындарына қатысу;
2010 жылғы 12-27 қараша аралығында Гуанджоудегі (ҚХР) 16-шы жазғы Азия ойындарына дайындалу және қатысу, сонымен қатар Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының 2010 жылғы 14-26 тамызда Сингапурдегі 1-ші жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына қатысуы;
2011 жылы Астана және Алматы қалаларында 7-қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындалу.
Туризм саласында:
Туризмді дамыту жөніндегі 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру;
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында туристік кластер құру;
ЮНДТҰ Бас Ассамблеясының 18-сес­сия­сының Ұсынымдары мен Қарарын іске асыру;
Қонақ үй және туризм индустриясында кәсіби стандарттарды әзірлеу.
Т.М. Досмұхамбетов өз баяндамасында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына дайындықтың барысы туралы баяндады. Министр «әлем чемпионаттарында және Азия ойындарында медаль иеленгені үшін бір жолғы сыйақы мөлшерін арттыру туралы мәселені қарауды» өтінді.
Т.М. Досмұхамбетов допингке қарсы іс-шараларды іске асыру үшін елде Ұлттық допингке қарсы ұйым (ҰДҚҰ) құру қажеттігін де атап өтті.
Министр Т. Досмұхамбетов баяндама жасау барысында «әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, туризм және спорт салаларында алға қойылған міндеттер Мемлекет Басшысының және Үкімет Басшысының оларды тұрақты назарда ұстауының және үнемі қолдау көрсетуінің арқасында шешіліп жатқанын» айтып өтті. 
ҚР Туризм және спорт министрлігінің
 баспасөз қызметі

 

    Тэги:

    Нет комментариев. Будьте первым

      Оставьте комментарий

      Чтобы оставить комментарий, необходимо авторизоваться.

      Подписка на рассылки

      Хочешь всегда быть в курсе событий мира путешествий, подпишитесь на наши новости